
Планируй будущее, живи настоящим
26.11.2024
Cиқырлы таң
27.11.2024Жақында ғана кинолардан көріп жүрген болашағымыз енді шындыққа айналды. Заманауи құрылғылар арзан емес екені рас, бірақ біз өміріміздегі ең қымбат нәрсе — уақытты үнемдеу үшін барынша көп процестерді автоматтандыруға ұмтыламыз.
Ақша мен уақытты үнемдегіңіз келе ме? Ақылды үй — сіздің сенімді серіктесіңіз. Ол электр энергиясына жұмсалатын шығындарды шамамен 30%-ға, суға — 20%-ға, жылытуға — 50%-ға дейін азайтады, сондай-ақ сақтандыру тәуекелдерін 40%-ға төмендетеді. Өз бюджетіңізді осылай үнемдей отырып, сіз табиғи ресурстарды қорғау арқылы елдің саналы азаматы боласыз.
Ішкі жүйелерді тәулік бойы бақылау арқылы ақылды үй төтенше жағдайларды (үйге ұры түсу, судың ағуы, өрт) алдын ала хабарлап, олардың алдын алады.
Ақылды үйді басқару өте қарапайым және ыңғайлы. Сіз өз сценарийлеріңізді («Барлығын өшіру», «Үйдемін», «Жайлы таң», «Үйде адам бардай көрсету» және т.б.) бір рет бағдарламалап, құрылғыларды қайта-қайта қосу, өшіру немесе бақылау үшін уақыт жоғалтпайсыз. Ақылды үй отбасының әрбір мүшесінің, баланың немесе мүмкіндігі шектеулі адамның қажеттіліктеріне бейімделе алады. Мысалы, ол ауыр террассалық есікті аша алады немесе жаңбыр жауа бастаса, балалар бөлмесіндегі терезені жабады.